Имам Хусейн (ғ.с.)-ның «арбағиніне» арналған ең үлкен әлемдік жиын аяқталды
https://parstoday.ir/kz/news/west_asia-i18400-Имам_Хусейн_(ғ.с.)_ның_арбағиніне_арналған_ең_үлкен_әлемдік_жиын_аяқталды
Имам Хусейн (ғ.с.)-ның кесенесінің зияратшылары қасиетті Кербалада «арбағин» күніне арналған ең үлкен әлемдік жиынды аяқтап, Ирактан шығу үшін осы елдің шекараларына қарай бет алды.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Қар 22, 2016 12:08 Asia/Almaty
  • Имам Хусейн (ғ.с.)-ның «арбағиніне» арналған ең үлкен әлемдік жиын аяқталды

Имам Хусейн (ғ.с.)-ның кесенесінің зияратшылары қасиетті Кербалада «арбағин» күніне арналған ең үлкен әлемдік жиынды аяқтап, Ирактан шығу үшін осы елдің шекараларына қарай бет алды.

Ирак басшылары биылғы «арбағин» рәсімдеріне шамамен 20 миллион зияратшының қатысқанын, оларың екі жарым миллионының басқа елдерден келген шетелдік азаматтар болғанын хабарлады.

Имам Хусейн (ғ.с.)-ның «арбағиніне» арналған жаяу шеру кезінде Ирак үкіметінің қауіпсіздік шаралары жоғары деңгейде болып, зияратшылар ешбір қиындықсыз биылғы жылғы ең үлкен рухани жиындарын өткізді.

Мыңдаған әйелдер мен ерлер, балалар мен қарттар имам Хусейн (ғ.с.)-ға бияттарын қайтадан қуаттау үшін «арбағин» рәсімдеріне жиналып, исламның барлық дұшпандарына қарсы бірігіп, өздерінің Ислам дінінің рухани құндылықтарын қорғауға дайын екендіктерін жариялады. Биылғы жылдың «арбағин» рәсімдерінің ерекшелігі Ирактың қасиетті мекендерінде «арбағин» күні жамағат намазын орындау болды.