Сионистік режим жаулап алынған жерлерде қалашық тұрғызуды өрістететінін қуаттады
https://parstoday.ir/kz/news/west_asia-i18778-Сионистік_режим_жаулап_алынған_жерлерде_қалашық_тұрғызуды_өрістететінін_қуаттады
Сионистік режимнің Соғыс министрі соңғы кездегі өрт апаттарына палестиналықтардың қатысы бар деген уәж айтып, жаулап алынған жерлерде қалашық тұрғызуды өрістететінін қуаттады.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Қар 27, 2016 17:57 Asia/Almaty
  • Сионистік режим жаулап алынған жерлерде қалашық тұрғызуды өрістететінін қуаттады

Сионистік режимнің Соғыс министрі соңғы кездегі өрт апаттарына палестиналықтардың қатысы бар деген уәж айтып, жаулап алынған жерлерде қалашық тұрғызуды өрістететінін қуаттады.

Сионистік режимнің Соғыс министрі Авигдор Либерман жексенбі күні жаулап алынған Құдс пен Хайфа қаласының төңірегіндегі өрт аппаттарына палестиналықтардың қатысы бар деп айыптап: «Израиль осы оқиғаға жаулап алынған жерлерде баспана салу жобаларын өрістету арқылы реакция көрсетеді» деді.

Либерман жуырдағы жалпы 110 өрт апатының 17 фактісі қасақана болды деген уәж айтты.

Сионистік режим жаулап алынған Құдста қалашықтарды кеңейтуден Шығыс Құдсты оның айналасындағы аймақтардан бөлу және осы аймақта сионистер тұратын қалашықтардың санын арттырып, палестиналықтардың жерлерін неғұрлым көбірек тәркілеуді көздеп отыр. 

Сионистік режимнің ішкі қауіпсіздік министрі Гилад Эрдан да сенбі күні осы режимнің телеарнасына берген сұхбатта Хайфа және Бейт әл-Мұқаддас қалаларының төңірегіндегі кең ауқымды өрт апаттарына қатысы болған айыпкерлердің үйлерін ойрандау туралы қоқан-лоққы жасады.

Сионистік режим полициясының ақпарат хатшысы Хайфадағы өрт апатына қатысы болды деген айыппен шамамен 23 палестиналықтың құрықталғанын хабарлады.