Иран Израильдің Палестинада қалашық салуға қатысты жаңа бағдарламасын айыптады
ИИР-ның СІМ-нің ақпарат хатшысы сионистік режимнің Иордан өзенінің Батыс жағалауында қалашық салуға қатысты бекіткен жаңа заң жобасын айыптады.
ИРНА-ның хабарлауынша, ИИР-ның СІМ-нің ақпарат хатшысы Бахрам Ғасеми сионистік режимнің заңсыз болмысына тоқталып: "Бұл режимнің басып алынған Палестина жерінде қалашық салуы халықаралық қауымдастық қабылдаған заңдар мен қағидаларға, әсіресе, халықаралық адам құқығы мен гуманитарлық құқықтарға қайшы келеді" деді.
Сионистік режимнің парламенті – Кнессет осы режимнің өз аумағын кеңейту және шапқыншылыққа негізделген жобалары аясында Иордан өзенінің Батыс жағалауында жаңа төрт мың тұрғын үй құрылысын заңдастыруға қатысты заң жобасын бекітті.
Ғасеми осы әрекеттердің жүзеге асырушыларын халықаралық құқықтарды ашық түрде бұзғанын және олардың заңмен қуадалануы керек екенін айтып, қалашық салудың Палестина халқының тағдырын анықтау құқығын жүзеге асыруға кедергі болатынын қуаттады.
Ғасеми үкіметтер мен БҰҰ және осы ұйымға қарасты халықаралық ұйымдардан сөзбен айыптаумен шектелмей, сионистік режимнің адамгершілікке жат әрі заңсыз іс-әрекеттерінің жалғасуының алдын алу үшін жылдам әрі іс-жүзінде араласу арқылы Палестинада жаңа қалашықтардың салынуына тосқауыл қоюды сұрады.