Ирак шиіттері ұлттық коалициясының төрағасы революцияның мәртебелі жетекшісімен кездесті
Ислам революциясының мәртебелі жетекшісі: «АҚШ әрдайым ислам елдерінің, соның ішінде Ирактың айбындылығына қарсы болған. Олардың сыртқы келбеті мен күлімсірегендеріне ешқашан алданбау керек» деді.
Ислам революциясының мәртебелі жетекшісі хазірет аятолла Хаменеи бүгін жексенбі таңертең Ирак шиіттері ұлттық коалициясының төрағасы сейіт Аммар Хаким мен осы коалицияның негізгі мүшелерін қабылдауында: «Америкалықтар сырт көзгі дау-дамайларына қайшы тәкфирлік лаңкестердің тамырын жоюды көздемейді. Олар осы лаңкестердің бір бөлігін өздерінің келешектегі мақсаттары үшін сақтап қалуға тырысуда» деді.
Хазірет аятолла Хаменеи ДАИШ- тің Ирактың мұнайын сатуына сілтеме жасап: «Сол кезеңде америкалықтар тек мұнай тасушы кемелердің қатар-қатар кетіп бара жатқанын ғана қадағалап, оларды нысанаға алмайтын. Сондықтан америкалықтарға сенім артуға болмайды» деді.
Ислам революциясының мәртебелі жетекшісі сондай-ақ Ирактың келешегін бүгінгі жағдайынан жарқынырақ және жақсырақ деп бағалап: «Ирактың ілгерілеушілігі Иран ислам республикасы үшін пайдалы. Екі елдің бұрынғыдан көбірек үйлесімділігі де екі жаққа пайдалы» деді.
Хазірет аятолла Хаменеи сөзінің жалғасында Ирактың шиіт топтары арасында коалицияның қалыптасуына ризалық білдірумен қоса оны маңызды оқиға деп атап, осы бірліктің діңгектерін сақтау мен күшейтудің қажеттілігін қуаттады.
Хазірет аятолла Хаменеи сөзінің соңғы бөлімінде «Арбағин»- зияратшыларын күтуі мен қонақжайлылығы үшін Ирак халқы мен басшыларына алғыс айтып, «Арбағин» шеруін ұлы және теңдессіз құбылыс деп атады.
Ирак шиіттері ұлттық коалициясының төрағасы сейіт Аммар Хаким де осы кездесуде Иран ислам республикасының қолдау көрсетулеріне алғыс айтып: «Ирактағы шиіттердің ұлттық коалициясының маңызды нәтижелерінің бірі "Хашд әш-Шағби" заңының бекітілуі болды. Ұлттық коалиция өкілдерінің оң дауысымен қоса шиіттер коалициясы өзге ағымдар мен топтардың көптеген өкілдерінің назарын өзіне аударды» деді.