Түркияның қауіпсіздік дереккөздері Карловты құтқару үшін қылмыскерді өлтіргендерін мәлімдеді
Түркияның қауіпсіздік дереккөздері Анкарадағы Ресей елшісі Андрей Карловты құтқару үшін уақытты жібермеу мақсатында қылмыскерді өлтіргендерін мәлімдеді
Иран Телерадио ұйымы ақпарат агенттігінің хабарлауынша, осы дереккөздері Карловты ауруханаға жеткізу үшін жедел шара қолдану керек болғанын, сол себепті қастандық жасаушыны нысанаға алудан өзге амал қалмағанын қуаттаған.
Сондай- ақ Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров Мәскеу, Анкара, Теһранның Сирия дағдарысы туралы Мәскеуде үш жақты отырысының басында сөйлеген сөзінде Ресей мен Түркия президенттерінің Түркияның арнайы полициясының Түркиядағы Ресей елшісі Андрей Карловтың қастандықпен өлтірілуі туралы тергеу негізінде Ресей инспекторларының атсалысуы туралы келіскенін хабарлады.
Түркия Сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоглу да өткен күні қастандықпен өлтірілген Анкарадағы Ресей елшісі Андрей Карловты есте сақтау үшін осы қаладағы көшелердің біріне ол кісінің аты берілетінін хабарлады.