Израильде қалашық тұрғызуға қарсы қарарға дауыс берген елдердің елшілері шақырылды
Сионистік режимнің премьер-министрі БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі қалашықтар салуға қарсы қарарға көрсеткен реакцияда АҚШ елшісінен басқа дауыс берген елдердің елшілерін шақырды.
Сионистік режимнің премьер-министрі Беньямин Нетаньяху БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі қалашық салуға қарсы қарарды қарастыру үшін қауіпсіздік кабинетінде «АҚШ үкіметі БҰҰ- да өз өкілінің қалыс дауысын жоспарлаған болатын. Ол осы қарарды қолдау үшін қалыс дауыс берді» деді.
Нетаньяху АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Джон Керриден Израильдің ісін Қауіпсіздік Кеңесіне апармауды сұрағанын айтты.
БҰҰ- ның Қауіпсіздік Кеңесі жұма күні кешке сионистік режимнің палестиналық аймақтарға қалашықтар салуын айыптаған қарарды 14 оң дауыспен бекітті. Қарарға Америка ғана қалыс дауыс берді.
Аталмыш қарарға сәйкес, сионистік режим дереу және толығымен палестиналық аймақтарда, атап айтқанда Шығыс Құдста өзінің қалашық салу әрекеттерін тоқтатуға міндеттеледі.