Жел 25, 2016 21:27 Asia/Almaty
  • Мосулдегі лаңкестерге кейбір елдердің әскери офицерлері жетекшілік етіп отыр

Ирак шиіттері ұлттық коалициясының төрағасы аймақ елдерінің бірнеше әскери және барлаушы офицерлерінің Иракта жүргенін дәлелдейтін айғақ- деректердің бар екенін және осы айғақ деректердің әшкереленгенін мәлімдеді.

Ирак шиіттері ұлттық коалициясының төрағасы сейіт Аммар Хаким Теһранда: «Осы әскери офицерлер Мосул мен Ирактың өзге қалаларында лаңкестерге жетекшілік етуді мойнына алып отыр» деді. Ирак шиіттері ұлттық коалициясының төрағасы шетелдік әскерилердің аймақта болуын сынап: «Шетелдік әскерилердің аймақта болуы аймақ елдерінің қауіпсіздігіне еш көмегін тигізбейтіні былай тұрсын, тіпті бейберекеттік пен аймақтың қауіпсіздік шығындарының артуына себеп болады» деді.

Ирак шиіттері ұлттық коалициясының төрағасы сондай- ақ қазір "Хашд әш- Шағби" деген атпен лаңкестермен соғысып жатқан халықтық ерікті күштерді құруды сынаушыларға берген жауабында: «Иракта қабылданатын шешімдер халыққа қатысты және осы елдің ұлттық мүддесіне негізделген. Өзгелердің оған араласуға хақысы жоқ.

Ирактың халықтық ерікті күштерін құру алғашында шиіттерге қатысты болған, бірақ қазір Ирак парламентінде бекітілуімен ұлттық күшке айналды. Барлық ұлыстар мен мазхабтар, соның ішінде сүнниттер, изадилер, күрдтер, түркімендер мен христиандар да "Хашд әш- Шағби" құрылымына мүше. Ақиқатында бұл күш Ирактың ұлттық белгісіне айналған. Оның стратегиясы Ирактың барлық аймақтарына қауіпсіздікті өрістету болып табылады» деді.

 

 

Тегтер