Мосулдегі шетелдік араласушылық – әскери амалдардың созылуының басты факторы
https://parstoday.ir/kz/news/west_asia-i21520-Мосулдегі_шетелдік_араласушылық_әскери_амалдардың_созылуының_басты_факторы
Ирак шиіттерінің ұлттық коалициясының төрағасы сейіт Аммар Хаким: "Айғақтар Иракта аймақ елдерінің әскери және тыңшылық күштерінің бар екенін көрсетті" деді.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Жел 26, 2016 14:12 Asia/Almaty
  • Мосулдегі шетелдік араласушылық – әскери амалдардың созылуының басты факторы

Ирак шиіттерінің ұлттық коалициясының төрағасы сейіт Аммар Хаким: "Айғақтар Иракта аймақ елдерінің әскери және тыңшылық күштерінің бар екенін көрсетті" деді.

Нейнава облысының орталығы Мосул қаласын ДАИШ лаңкестерінен азат ету амалдары өткен қазан айының он жетісі күні Ирак премьер-министрі Хайдер әл-Абадидің бұйрығымен басталған болатын. Мосулды азат ету амалдарының алғашқы күндері ирактық қарулы және халықтық күштер ДАИШ лкаңкестерімен күресте ілгерілеушіліктерге қол жеткізді. Бұл күштер қысқа уақыт ішінде Мосулдың маңайындағы ауылдар мен аймақтарды азат еткеннен кейін  қалаға кірді. Кейбір сарапшылар мен ақпарат көздері 2016 жылдың соңына дейін Мосулдың толығымен азат етілетінін болжаған болатын. Алайда Мосулда соғыс әлі жүріп жатыр. 

Мосул амалдарының созылуына себеп болған көптеген факторларды  келтіруге болады, алайда басты себептердің бірі шетелдік алпауыт елдердің осы амалдарға араласуы мен олардың өздерінің лаңкестікпен күрес туралы уәждеріне қарамастан лаңкестерді қолдауы болып табылады. Ирактық қайраткерлер осы уақытқа дейін шетелдік күштердің Мосул амалдарына араласуы және бұл күштердің бүлдіргі рөлдері туралы хабарлап келді. Қолында  Иракта аймақтық елдердің әскери және тыңшылық күштерінің құзырын дәлелдейтін айғақтардың бар екенін хабарлаған Ирак шиіттерінің ұлттық коалициясының төрағасы сейіт Аммар Хаким: "Бұл әскери офицерлер Мосул мен Ирактың басқа да қалаларында лаңкестерді бағдарлау міндетін атқарып жатыр" деді. Осыдан кейін Ирактың премьер-министрі Хайдер әл-Абади желтоқсанның төрті күні Түркия қарулы күштеріне қарасты әскери батальонның орталық үкіметтің рұқсатынсыз ирактық қарулы топтарды жаттықтыру сылтауымен Нейнава облысына кіргенін хабарлады. 

"Неліктен шет елдер, әсіресе, АҚШ, Түркия мен Сауд Арабиясы сияқты елдер Ирактың ішкі істеріне, соның ішінде, Мосул амалдарына араласып, бұл қаланың толығымен азат етілуіне кедергі болып отыр?" деген сауал туындайды. 

Бұл сұраққа жауапты Ирактың ішкі жағдайы мен аймақ жағдайынан іздеуіміз керек. Ирактың ішкі жағдайына келер болсақ, Түркия мен Сауд Арабиясы сияқты елдердің стратегиясы мен мүдделерінде Бағдадтың орталық үкіметін нығайту мәселесі қарастырылмаған. Себебі бұл елдер Ирактың өзгерістеріне қатысты сектанттық көзқарасқа ие. Басқа жақтан, бұл елдер халықтық ерікті күштердің лаңкестермен күрестегі, әсіресе, Мосул амалдарындағы мықты әрі сындарлы рөлін көріп отыр. Бұл мәселе де олардың стратегиясы мен мүдделеріне қайшы келеді. Сондықтан олар Ирак халқына жалған айыптар тағуда.

Сол себепті Ирак шиіттерінің ұлттық коалициясының төрағасы сейіт Аммар Хаким халықтық ерікті күштердің құрылуын сынаған адамдарға жауап ретінде Иракта шешімдерді тек халық қабылдайтынын және бұл шешімдердің ұлттық мүдделерге негізделетінін, сондай-ақ, басқалардың араласуға хақы жоқ екенін айтып: "Ирактың халықтық ерікті күштерінің құрылымы алдымен шиіттерге тиесілі. Бірақ қазір бұл құрылым Ирактың Өкілдер палатасында бекітілгеннен кейін ұлттық күшке айналды" деп қуаттады. 

Аймақтық деңгейде де Сирияның халықтық күштері мен әскерінің және олардың қолдаушыларының Алеппо амалдарында жеңіске жетуі және бұл қаланы лаңкестердің басқыншылығынан тазартуы Сирия жүйесінің қарсыластары, әсіресе, Сауд Арабиясы мен АҚШ үшін тосын жағдай болды. Бұл елдер қазір Иракта Мосулдың толығымен азат етілуіне кедергі жасау арқылы тағы бір жеңілістерінің алдын алуға талпыныс жасап жатыр.