Ирак саудиялықтардың "Хашд әш- Шағби" туралы уәждерін құнсыз деп атады
https://parstoday.ir/kz/news/west_asia-i21766-Ирак_саудиялықтардың_Хашд_әш_Шағби_туралы_уәждерін_құнсыз_деп_атады
Ирак СІМ-нің ақпарат хатшысы Сауд Арабиясы Сыртқы істер министрінің Ирактың халықтық күштері туралы сөздерін саудиялықтардың Ирак үкіметіне қатысты текетірес тудыруының жалғасы деп атады.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Жел 27, 2016 18:34 Asia/Almaty
  • Ирак саудиялықтардың

Ирак СІМ-нің ақпарат хатшысы Сауд Арабиясы Сыртқы істер министрінің Ирактың халықтық күштері туралы сөздерін саудиялықтардың Ирак үкіметіне қатысты текетірес тудыруының жалғасы деп атады.

Ирак СІМ-нің ақпарат хатшысы Ахмад Джамал: «Саудиялықтардың Ирактың Хашд әш-Шағби халықтық күштерінің жанпидалықтары туралы теріс сөздерінің еш құны жоқ. Бұл олардың тайпашылдық қатынастарынан туындап отыр.

Сауд Арабиясы ұстанып отырған қате жол аймақтағы ұлттармен әріптестік үшін көптеген мұрсаттардан айрылуға және Сирия мен Йемендегі дағдарыстардың жалғасуына себеп болып отыр» деді.

Ирак СІМ- нің ақпарат хатшысы "Хашд әш- Шағбидің" Ирак Парламенті бекіткен және заң бойынша әрекет жасайтын осы елдің ресми құрылымдарының бірі саналатын күрескер әрі батыл күш екенін қуаттады.

Сауд Арабиясының Сыртқы істер министрі Адел әл-Джубейр кеше, дүйсенбі күні Ирактың Хашд әш- Шағби халықтық күштері туралы уәждерін қайталап, оларды тайпалық жасақшылар деп атаған болатын.