Сирияның барлық жерінде атысты тоқтату туралы келісім жасалды
Сирия армиясы мен қарулы күштерінің бас штабы осы елде соғыс әрекеттері мен атысты тоқтату туралы келісім жасалғанын хабарлады.
Сирия армиясы мен қарулы күштерінің бас штабы бейсенбі күні мәлімдеме жариялап, желтоқсанның отызы күні түн ортасынан осы елдегі барлық әскери әрекеттердің тоқтатылатындығына сілтеме жасап, ДАИШ және "ән- Носрат майданы" лаңкестік топтары мен соларға қарасты барлық топтардың атыс тоқтату келісіміне кірмейтінін мәлімдеді.
Сирия армиясы мен қарулы күштерінің бас штабы осы елде атыс тоқтату келісімі мақсатының Сирия дағдарысын шешу үшін саяси шешім жолды қолдауға жағдай жасау болып табылатындығын қуаттады.
Ресей президенті Владимир Путин де Сирияда атысты тоқтату туралы келісімге қол жеткізілгенін, Сирияның бейбітшілік келіссөздерін бастау үшін әзірліктің жасалғанын мәлімдеді.
Алеппо қаласының азат етілуі лаңкестер мен олардың Сириядағы демеушілері үшін ауыр жеңіліс болып, осы елдегі саяси жағдайды өзгертті.