2017 жылдың басталуы және алдағы қиындықтар
2017 жылдың басы Стамбулдағы түнгі клубтардың бірінде лаңкестік шабуыл салдарынан отыз бес адамның қаза болуымен тұспа-тұс келді. Бұл оқиға өткен жылдармен салыстырғанда Жаңа жылдың тынышсыз әрі қантөгіс көп орын алатын жыл болатынын көрсетеді.
Лаңкестік соңғы жылдары оның негізгі түп-тамырын елемеу және оны саяси мақсаттарды пайдалану салдарынан алып құбыжыққа айналды. Бұл құбыжық биылғы жылы бұрынғыдан көп адамды ажал құштырып, одан да үлкенірек аймақтарды ойрандататын секілді. Сирия мен Ирактағы ДАИШ тобының үсті-үстіне сәтсіздікке ұшырауы олардың Еуропа, АҚШ пен Солтүстік Африкадағы өз елдеріне қайта оралып, сол жақта қайғылы оқиғалардың орын алуына себеп болды.
Лаңкестік пен зорлық-зомбылық адамзат баласын 2017 жылы тосып тұрған жалғыз қиындықтары емес екендігін айтқан жөн. Халықаралық әскери сахнадағы ықпалды елдер арасындағы саяси келіспеушіліктер әлемдегі милиондаған адамның өмірін қиындататындығы сөзсіз. Мысал ретінде АҚШ-тың жаңа президенті Дональд Трамп пен Еуропалық елдер арасындағы Париж жағдайына байланысты бітімге келуіне қатысты келіспеушіліктерге сілтеме жасауға болады. Егер Трамп алдында сөз бергендей, АҚШ-ты Париж бітімінен шығаратын болса, әлем қоршаған ортаның көптеген ластану мәселелерімен кездеседі.
Басқа жағынан, Дональд Трамптың өткен жылғы АҚШ президенті сайлауында жеңіске шығуы әлемнің экономикалық алпауыттары арасындағы сауда бәсекелестігінде алаңдаушылық туғызды. Егер АҚШ пен Қытай сауда мәселелеріне байланысты қатты бәсекелестік жасайтын болса, әлемнің әлсіз экономикалық жағдайы бұрынғыдан бетер қиындай түсіп, соңында сол бәсекеде жеңіліс тапқандар, яғни әлсіз елдер мен олардың тұрғындары әлемнің түкпір-түкпіріне таралып кетпек. Сонымен қатар, ұлыбританиялықтардың Еуропа одағының мүшелігінен шығу шешімінің биыл жүзеге асуы экономикалық және қаржылай алаңдаушылықтарға қосыла түсті. Егер Франциядағы биылғы президент сайлауында Ұлыбританияның Еуроодақтан шығуымен қатар орын алған саяси үдерістер АҚШ жеңісіне байланысты қоғамдық наразылықтармен қатар болса, 2017 жыл Еуропадағы жақындасу мен интеграцияның соңғы жылына айналуы әбден мүмкін.
2017 жылғы маңызды саяси, экономикалық және қауіпсіздік мәселелеріне қатысты алаңдаушылықтардан бөлек, 2016 жылдың соңғы күндері БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің Сириядағы атысты тоқтату бітіміне қатысты қабылдаған шешімі халықаралық ынтымақтастықтың арқасында үлкен дағдарыстарды шешудің мүмкін екендігін дәлелдейтін хабар болды. Әлем тұрғындарының келер жылдағы негізгі қиындықтарының бірі тыныштық пен қауіпсіздікті қайта орнату болып табылады. Сонымен қатар, БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің сионистік режимнің басып алынған Палестина аумағында қалашық салу әрекеттеріне байланысты бұрын-соңды қабылдамаған шешімі әлемдік қауымдастықтың 2017 жылы алаңдаушылығын туғызатын келесі мәселелердің бірі болып саналады.
Қалай болғанда да 2017 жыл Стамбулдағы лаңкестік шабуылмен басталса да, егер әлемдік қауымдастықтың лаңкестіктің кең етек жаюы, саяси және экономикалық тұрақсыздықтар секілді қауіп төндіруші факторларымен күресте күш-жігер мен ауызбіршілікке ие болса, 2017 жылы әлем үміттендіруші өзгерістерге куә болмақ.