Сауд Арабиясы экономикалық күйреу қарсаңында тұр
https://parstoday.ir/kz/news/west_asia-i22510-Сауд_Арабиясы_экономикалық_күйреу_қарсаңында_тұр
Сауд Арабиясы Мұнай министрінің 2016 жылдың желтоқсан айының отыз бірі күні 2017 жылы елдегі мұнай мен жанар-жағар май бағасының өсуін хабарлаумен қатар, Арабстанның Қаржы министрлігі де кеше 2017 жылдың қаңтар айының бірі күні бұл елдің шетелдік банктердегі валюта қорларының күрт төмендеуін, нақтырақ айтқанда соңғы бес жыл ішінде ең төмен көрсеткішке жеткенін хабарлады.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Қаң 02, 2017 17:30 Asia/Almaty
  • Сауд Арабиясы экономикалық күйреу қарсаңында тұр

Сауд Арабиясы Мұнай министрінің 2016 жылдың желтоқсан айының отыз бірі күні 2017 жылы елдегі мұнай мен жанар-жағар май бағасының өсуін хабарлаумен қатар, Арабстанның Қаржы министрлігі де кеше 2017 жылдың қаңтар айының бірі күні бұл елдің шетелдік банктердегі валюта қорларының күрт төмендеуін, нақтырақ айтқанда соңғы бес жыл ішінде ең төмен көрсеткішке жеткенін хабарлады.

Сауд режимінің 2016 жылдың екінші жартысында экономика саласында қабылдаған шешімдері бұл елдің экономикалық мәселелерінің шиеленісе түсуіне әкеп соқтырды. Атап айтқанда, Aramco компаниясы үлесінің бір бөлігін сату туралы шешім, Сауд Арабиясының королі Салманның министрлер мен Кеңес мәжілісі мүшелерінің жалақысын 15-20 пайызға дейін қысқарту, жанар-жағар майға қатысты субсидияларды азайту, абаттандандыру жобаларын дайындауды тоқтату, сонымен қатар жұмысшыларды тарту, демалыс және еңбекақыларына байланысты кейбір заңдарға өзгерістер енгізу секілді шешімдерді қамтиды. Аталмыш шешімдер Сауд Арабиясындағы экономикалық көрсеткіштердің азаюынан кейін қабылданған болатын. 2010 жылы Сауд Арабиясының экономикалық өсімі 10 пайыз деңгейінде болса, 2016 жылы бұл көрсеткіш 1,2 пайыздан аспады. Ал 2016 жылдың қараша айының соңында Халықаралық валюта қоры Сауд Арабиясының 13 пайыздық бюджет тапшылығы жайлы хабарлаған болатын.

Сауд Арабиясының Мұнай министрі Халид әл-Фалих сенбі күні: «Бюджет тапшылығы үдерісінің 2017 жылы да жалғасуымен Сауд Арабиясы төрт жыл қатарынан бюджет тапшылығы мәселесімен бетпе-бет кездесіп отыр»,- деп мәлімдеді. Сондықтан, Сауд Арабиясының Мұнай министрі 2017 жылы жанармай бағасының өсетінін хабарлады. Сауд Арабиясының Қаржы Министрлігі кеше 2017 жылдың алғашқы күнінен бастап үкіметтің бюджет тапшылығы салдарынан шетелдік банктердегі өз валюта қорларын шығаруын жалғастыратынын хабарлады. Бұл елдің валюта қоры бес миллиард үш жүз миллион долларға төмендеп, 2011 жылдың қараша айындағы ең төменгі көрсеткішке жетті. Сауд Арабиясының Қаржы министрінің хабарлауынша, елдің шетелдік бағалы қағаздар қоры төрт миллиард жеті жүз миллион долларға дейін төмендеген.

Экономикалық қиындықтардың көбеюі мен Сауд Арабиясы халқына көрсетілетін қысымның артуы Сауд режиміне қатысты қысымның ұлғаюына алып келеді. Себебі Сауд Арабисының экономикасы экономиканың рантье түріне жатады. Рантье экономикасына сәйкес, үкімет елге аз мөлшерде салық арқылы халықтың қолдауын сатып алады. Сауд үкіметінің экономика саласындағы шешімдері экономикалық қысымның артып, халықтың тұрмысының нашарлауына соқтырды. Бұл ел халқының үкіметтің экономикалық саясаттарына реакциясының әлеуметтік желілерде көрініс табуы аталмыш шешімдерге деген наразылықтарын білдіреді. Арабия халқының пікірінше, министрлер мен Кеңес мәжілісі мүшелерінің жалақыларын 15-20 пайызға қысқарту шешімі тек халықтың наразылығын басып, қоғамдық пікірді алдау мақсатында жасалып отыр. Сауд Арабиясының экономикалық мәселелерінің ұлғаюы мен халықтың тұрмысының нашарлауынан Арабстандағы Сауд режимінің беделінің одан әрі түсетінін болжауға болады. Себебі бүгінге дейін Сауд режимінің беделі мұнайының арқасында көтерілген болатын.