Батыс жағалауда палестиналықтардың жерлерін тәркілеу 127 пайызға ұлғайды
Қаң 04, 2017 05:43 Asia/Almaty
Палестинаны азат ету ұйымы 2016 жылы Иордан өзенінің батыс жағалауында сионистік режим тарапынан палестиналықтардың жерлерін тәркілеудің 2015 жылмен салыстырғанда 127 пайызға ұлғайғанын мәлімдеді.
Осы мәлімет бойынша, қалашықтар салу 2016 жылы 2015 жылмен салыстырғанда 57 пайызға ұлғайып, сионистер тұратын қалашықтарды кеңейту мақсатында 19 000 жаңа тұрғын үй салуға рұқсат берілген.