Иран мәжілісінің депутаттары шейх Нимрдің шәһид болуының жылдығына байланысты мәлімдеме жариялады
https://parstoday.ir/kz/news/west_asia-i22591-Иран_мәжілісінің_депутаттары_шейх_Нимрдің_шәһид_болуының_жылдығына_байланысты_мәлімдеме_жариялады
Иран ислам кеңесі мәжілісінің депутаттары арабстандық күрескер рухани қайраткер шейх Нимр Бағер Нимрдің өлім жазасына берілуін тағы да айыптап, адам құқығын қорғаушы ұйымдардан Сауд әулетінің адамзатқа қарсы осындай қылмыстарына қатысты екіұшты шаралардан бас тартуды және өзінің заңды әрі ахлақтық міндетін атқаруды сұрады.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Қаң 04, 2017 07:06 Asia/Almaty
  • Иран мәжілісінің депутаттары шейх Нимрдің шәһид болуының жылдығына байланысты мәлімдеме жариялады

Иран ислам кеңесі мәжілісінің депутаттары арабстандық күрескер рухани қайраткер шейх Нимр Бағер Нимрдің өлім жазасына берілуін тағы да айыптап, адам құқығын қорғаушы ұйымдардан Сауд әулетінің адамзатқа қарсы осындай қылмыстарына қатысты екіұшты шаралардан бас тартуды және өзінің заңды әрі ахлақтық міндетін атқаруды сұрады.

Иран ислам кеңесі мәжілісінің депутаттары сейсенбі күні кешке шейх Нимрдің өлім жазасына берілуінің алғашқы жылдығында мәлімдеме жариялап: «Лаңкестер аймақ пен әлемнің тыныштығы мен қауіпсіздігін бұзып, аймақтағы тұрақтылық пен тыныштыққа қауіп төндіріп отырған жағдайда шейх Нимрдің өлім жазасына беріліп, шәһид болуы Саудия билеушілерінің шарасыздығы мен жауапкершілікті сезінбеуін аңғартады.

Соңғы жылдары аймақта лаңкестікті қолдап, Йемен еліне шабуыл жасап, оның бейкүнә халқын қырып, өзге елдердің азаматтарын басып-жаншуды қолдап отырған Сауд Арабиясы аймақтың тұрақтылығында сындарсыз рөл ұстанып, іс жүзінде аймақта іріткі салу бағытында қадам жасап отыр. Сауд Арабиясы үкіметі адамгершілікке жатпайтын және халықаралық ережелерге қайшы әрекетте ислам әлемінің жоғары мәртебелі рухани қайраткері шейх Нимрді шәһид етті» деп кесіп айтты.

Шейх Нимрге 2015 жылы қазан айының 15- і күні Сауд әулетінің қылмыстық соты тарапынан «Ұлттық қауіпсіздікке қарсы шара қолданды» деген негізсіз айыппен "халықтың көзінше қылышпен басын шабу және крестке керу" үкімі шығарылды.

Шейх Нимрдің өлтірілуі қауіпті қылмыс және үкіметтік лаңкестік ретінде 2016 жылы 2- ші қаңтарда аймақтық және халықаралық тәуелсіз ұйымдар деңгейінде реакция тудырды.