2016 жылы Израильдің Құдс интифазасына қарсы жасаған қылмыстары жарияланды
https://parstoday.ir/kz/news/west_asia-i22771-2016_жылы_Израильдің_Құдс_интифазасына_қарсы_жасаған_қылмыстары_жарияланды
Құдс интифазасы 2016 жылы да өз жалғасын тапты. Бір жылдың ішінде 119 палестиналық Құдс интифазасының шәһидтеріне айналды.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Қаң 07, 2017 17:44 Asia/Almaty
  • 2016 жылы Израильдің Құдс интифазасына қарсы жасаған қылмыстары жарияланды

Құдс интифазасы 2016 жылы да өз жалғасын тапты. Бір жылдың ішінде 119 палестиналық Құдс интифазасының шәһидтеріне айналды.

Құдс интифазасы 2015 жылдың қазан айынан басталды. 2016 жылы Құдс интифазасы барысында 119 палестиналық шәһид болып, өткен жылдың соңына дейін Құдс интифазасы шәһидтерінің саны екі жүз жетпіс бірге жетті. Алайда, дәл осындай жағдайда мыңдаған палестиналықтың да сионистердің қолынан жарақаттанғанын айтқан жөн.

Қылмыс – сионистік режимге тән негізгі ерекшеліктердің бірі. Аталмыш режим түрлі қылмыс жасаған. Израильдің палестиналықтарға қарсы жасаған маңызды қылмыстары ретінде соғыс, кісі өлтіру мен жарақаттауды, палестиналықтарды басып алынған жерлерден күштеп көшіруді, қасиетті орындарды қорлап, тұрғын-үйлерді қиратуды, мәдени және діни бірегейлікті жойып, қала тұрғындарын тұтқындауды атауға болады.

Құдс интифазасының басталуы Израилдің Ауыл шаруашылық министрінің Палестина халқының қасиетті орындарын қорлау әрекетінен басталған еді. 2015 жылдың қыркүйек айының жиырма төртінші жұлдызы мұсылмандардың Құрбай айт мерекесі мен еврейлердің діни мерекесімен тұспа-тұс келген күні Нетаньяху үкіметінің Ауыл шаруашылық министрі сионистік қоныстанушылармен бірге әл-Ақса мешітіне баса-көктеп кірді. Алайда, әл-Ақса мешітіндегі ғибадат жасаушылар сионистердің мешітті қорлауына жол бермей, оларға қарсы тұрды. Сионистік әскерилер палестиналық ғибадат жасаушыларға шабуыл жасап, оларды пластикалық оқтар мен көз жасаурататын улы газдар атқан. Сол әрекеттің салдарынан көптеген палестиналық зақымданған еді. Шын мәнінде, Құдс интфифазасы мен Палестина халқының Израиль үкіметінің әрекетіне қарсы реакциясы палестиналықтардың діни рәсімдерін өткізудің алдын алды.

Израилдықтардың басып алынған жерлердегі Палестина халқының діни бірегейлігін қорлауы былтыр да қайталанды. Өткен жылы Нетаньяху үкіметінің қолдауымен 17602 қалашық қоныстанушысы әл-Ақса мешітіне қорлық әрекетін жасаған. Сонымен қатар, сионистік режим былтыр Иордан өзенінің батыс жағалауындағы Хеврон қаласында орналасқан хәзірет Ибраһимнің (ғ.с) кесенесінде 550 рет азан шақыруға тосқауыл жасаған. Сондай-ақ, Израильдің Нетаньяху үкіметі азан шақыруға тыйым салатын заң жобасын бекіткен еді. Сионистік режимнің палестиналықтардың діни бірегейлігіне қарсы қылмыстар жасағаны дәлелденді. Діни құқықтарды сақтау халықаралық құқықтарға қатысты көптеген конвенцияларда бұзуға болмайтын принцип деп аталған анық әрі нақты қағидалардың бірі болып саналады.

Израилдің милади жыл санағы бойынша өткен жылы палестиналықтарға қарсы жасаған барлық қылмыстары тек кісі өлтіру мен зақымдау, қасиетті орындарды қорлау мен дін бостандығынан айырумен шектеліп қана қоймай, палестиналықтарды тұтқындау мен олардың тұрғын үйлерін қирату әрекеттерін де қамтыды. Өткен жыл ішінде израилдік әскерилер Иордан өзенінің батыс бөлігі мен басып алынған Құдс пен Газа секторында шамамен 7000 палестиналықты құрықтаған болатын.

Израилдің өткен жыл ішінде жасаған осы қылмыстарына қарамастан, Израильге қарсы тек бір ғана қаулы қабылданды. Алайда, Нетаньяху үкіметі дәл сол бір қаулының өзін жүзеге асырмайтынын мәлімдеді.