Қаң 07, 2017 23:04 Asia/Almaty
  • Ирактық күштер Мосулдің оңтүстігі мен шығысында алға жылжыды

Ирактың халықтық ерікті күштері Мосул қаласының оңтүстік-батысындағы әл- Асрадж, Сахл Ахмад және әл-Малех елді мекендерін азат етті.

ИРНА-ның хабарлауынша, Ирактың халықтық күштерінің ақпарат тарату көздері өз мәлімдемесінде: «Халықтық ерікті күштерге қарасты жетінші дивизияның күштері жұма күні ДАИШ тәкфирлік-сионистік тобының мүшелерімен кескілескен шайқастан кейін Мосулдің оңтүстік-батысындағы Сахл Ахмад және әл-Малех елді мекендерін азат етті.

Халықтық ерікті күштердің 18-ші дивизиясы Мосулдің батысындағы әл- Асрадж ауылын да азат етті» деп жазды.

«Almayadeen» телеарнасы да Ирак қарулы күштерінің Мосул қаласының шығысында ДАИШ тәкфирлік-сионистік тобымен шайқастардың жалғасында осы қаладағы әс-Салам және әш-Шафа деп аталатын екі аурухана мен медициналық факультетті осы топтың қарамағынан шығарғанын хабарлады. Осы мәлімет бойынша, ирактық күштер сондай-ақ Дижла өзенінің жанында Мосул қаласының шығысындағы әл-Форқан кварталында лаңкестердің тұрғыларына шабуыл жасаған.

Ирактың Қорғаныс министрлігі де өз мәлімдемесінде Ирак әуе күшінің ұшқышсыз ұшақтарының Мосулдің Вади Акуб аймағында ДАИШ-тің бекіністерін нысанаға алып, 22 адамның көзін жойғанын хабарлады.

Ирактық ұшақтар сондай-ақ Мосул қаласының батысында әл-Курниш аймағында 15 лаңкестің көзін жойды.

 

 

Тегтер