Аймақта сионистік режимге орын жоқ
https://parstoday.ir/kz/news/west_asia-i22810-Аймақта_сионистік_режимге_орын_жоқ
Иран Ислам кеңесі мәжілісінің ұлттық қауіпсіздік және сыртқы саясат комитетінің төрағасы: «Мұсылмандардың ынтымақтастығымен сионистік режимге бұл аймақта орын болмайды»,- деп қуаттады.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Қаң 08, 2017 12:12 Asia/Almaty
  • Аймақта сионистік режимге орын жоқ

Иран Ислам кеңесі мәжілісінің ұлттық қауіпсіздік және сыртқы саясат комитетінің төрағасы: «Мұсылмандардың ынтымақтастығымен сионистік режимге бұл аймақта орын болмайды»,- деп қуаттады.

Иран Ислам кеңесі мәжілісінің ұлттық қауіпсіздік және сыртқы саясат комитетінің төрағасы Аллаэдин Буруджерди Ливанның Бейрут қаласында тұратын түрлі палестиналық топтардың өкілдерімен кездесуінде: «Палестина халқының армандарының орындалуы мен оның басып алынған жерлерін азат етуді іске асырумен аймақ пен әлемнің геосаясатында сионистік режимге орын болмайды»,- деді.

Буруджерди Иран Ислам Республикасының негізін қалаушы хазірет имам Хомейнидің (р) Палестинаның сионистік режим басып алған жерлерін азат ету арманына қолдау көрсетуге қатысты жарлықтарына сілтеме жасап: «Иран әрдайым осы арманды қолдап келді. Бұл мақсатқа тек мұсылмандардың бірігуімен ғана жетуге болады»,- деді.

Сонымен қатар, Иран Ислам кеңесі мәжілісінің ұлттық қауіпсіздік және сыртқы саясат жөніндегі комитетінің төрағасы: «Исламның дұшпандары аймақ елдері арасында алауыздық тудыруды көздеп отыр. Сөйтіп, бұл елдерді Палестинаның арманына жету жолынан тайдыру үшін бар күштерін салып отыр»,- деді.

Буруджерди аймақтағы кейбір ислам елдерінің әрекеттерін, әсіресе Бахрейннің израилдік саудагерлерді шақыруын айыптады.