Исламдық жиһад қозғалысы халықаралық ұйымдардың үнсіздігін сынады
Қаң 10, 2017 17:23 Asia/Almaty
Палестинаның Исламдық жиһад қозғалысы сионистік режимнің палестиналықтарға қарсы толассыз қылмыстары алдындағы халықаралық ұйымдардың үнсіздігін айыптады.
Палестинаның Исламдық жиһад қозғалысының ақпарат хатшысы Давуд Шахаб Мұхаммад Собхи әс-Салехидің шәһид болуына сілтеме жасап: «Сионистік режимнің лаңкестік әрекеттері халықаралық ұйымдардың сыбайластығымен жалғасуда» деп мәлімдеді. Сионистік режим өзінің жаңа қылмыстық әрекетінде палестиналық 25 жастағы жігіт Мұхаммад Собхи әс- Салехиді Наблустағы "әл-Фареғе" лагерінде атып, шәһид етті.