"Джо" түрмесінен тұтқындардың қашуына қатысты 45 бахрейндік құрықталды
Бахрейннің Адам құқығы орталығы "Джо" орталық түрмесінен 10 тұтқынның қашып кетуінің ізінше осы елдің түрлі аймақтарында 45 адамның құрықталғанын хабарлады.
Бахрейннің Адам құқығы орталығының басшыларының бірі Инас Аун осы жылдың басында елдің орталық түрмесіне шабуыл жасалып, 10 саяси тұтқынның қашып кеткеніне сілтеме жасап: «Халифе әулеті режимінің әскерилері қауіпсіздік амалдарын жасап, қаңтар айының екісінен сегізіне дейін ондаған адамды, соның ішінде бір баланы құрықтады» деді.
Халифе әулеті режимінің әскерилері Бахрейн азаматтарының үйлеріне баса- көктеп кіру арқылы 37 адамды, сонымен қатар тексеру пункттерінде де 7 кісіні құрықтады. Халифе әулеті режимінің әскерилері сондай-ақ Бахрейнде демократияны жүзеге асыру үшін өткен халықтық шерулерді басып-жаншыды.
Қарулы топтардың Бахрейннің астанасы Манамадағы "Джо" орталық түрмесіне жасаған шабуылы кезінде он саяси тұтқын қашып үлгеріп, бір қауіпсіздік күші қаза болды.
"Джо" түрмесі тұтқындар мен құрықталғандарға жаман қатынас көрсетуіне байланысты Бахрейннің ең жаман түрмелерінің қатарына жатады.