Құдста сионистік режимге қарсы әрекеттер жалғасуда
Бейт ул-Моқаддастағы сионистік режимге қарсы әрекеттердің салдарынан бір палестиналық кемінде үш израилдік әскериді өлтірді.
ИРНА ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, сәрсенбі күні жүк көлігін жүргізіп келе жатқан бір палестиналық жас жігіт қозғалыс бағытын бұрып, бірнеше израилдік әскериді қағып кетті.
Аталмыш әрекет салдарынан кемінде он бес израилдік жараланған. Олардың көпшілігі қазір ауыр халде жатыр. Бұл өткен апта ішіндегі палестиналық жастар тарапынан сионистік режимге қарсы жасалған екінші әрекеті болып табылады. Жексенбі күні тағы бір палестиналықтың сионистік режимге қарсы жасаған әрекеті салдарынан төрт израилдік әскери өліп, он сегіз адам жарақат алған болатын.
Палестиналықтар сионистік қоныстанушылардың әл-Ақса мешітіне үздіксіз шабуылдарымен күресу үшін түрлі амал-тәсілдермен изральдіктердің бүлдіргі әрекеттерінінің алдын алуға бар күштерін салып жатыр.