Сирияның кешегі лаңкестері бүгінгі саясаткерлерге айналмауы керек
https://parstoday.ir/kz/news/west_asia-i23527-Сирияның_кешегі_лаңкестері_бүгінгі_саясаткерлерге_айналмауы_керек
Иран Ислам Кеңесі Мәжілісі төрағасының халықаралық істер жөніндегі арнайы көмекшісі: «Сирия дағдарысын саяси жолмен шешудің кез-келген түрінде кешегі лаңкестер бүгінгі саясаткерлерге айналмауы керек»,-деді.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Қаң 22, 2017 15:13 Asia/Almaty
  • Сирияның кешегі лаңкестері бүгінгі саясаткерлерге айналмауы керек

Иран Ислам Кеңесі Мәжілісі төрағасының халықаралық істер жөніндегі арнайы көмекшісі: «Сирия дағдарысын саяси жолмен шешудің кез-келген түрінде кешегі лаңкестер бүгінгі саясаткерлерге айналмауы керек»,-деді.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Иран Ислам Кеңесі Мәжілісі төрағасының халықаралық істер жөніндегі арнайы көмекшісі Амир Абдуллахиан сенбі күні Теһранда Сирияның ИИР-дағы елшісі Аднан Махмудпен кездесіп, Қазақстанның Сирия дағдарысын шешуге көмектесу үшін оң талпыныс жасап жатқанына тоқталып: «Қазақстанда келіссөздер өткізу бастамасы көңіл аударуға тұрарлық. Алайда Сирия дағдарысын саяси жолмен шешудің кез-келген түрінде кешегі лаңкестер бүгінгі саясаткерлерге айналмауы керек.  Астана келіссөздері Сирия халқының тәкфирлік лаңкестікке қарсы қарсыласуынан тиісті саяси пайда табу үшін қолайлы мұрсат болып табылады»,-деді.

Сирияның ИИР-дағы елшісі Аднан Махмуд та: «Астана келіссөздері саяси тұрғыдан шетелдік араласушылықсыз «сириялық-сириялық» диалогының өткізілуін қуаттап, лаңкестікпен күресті жалғастыратындығымызды әлемге жариялау үшін қолайлы мұрсат болып табылады»,-деді.