Ливанда лаңкестік әрекет жасамақ болған адам құрықталды
Қаң 22, 2017 17:44 Asia/Almaty
Ливанның астанасында лаңкестік әрекет жасап, түнгі клубта өзінің жарылғыш белбеуін жарып жібермек боған кісі қауіпсіздік күштерінің қырағылығымен құрықталды.
Лаңкес – 23 жастағы Ливан азаматы Омар Хасан әл- Аси "Бүлік шейхы" деп танымал болған Ахмад әл-Асирдың қол астындағы күштердің бірі. Ол Бейруттің "Хамра" көшесіндегі танымал клубта өзінің жарылғыш белбеуін жарып жіберуді мақсат еткен. Бірақ әрекетін іске асырудан бұрын қауіпсіздік күштерінің оғынан жараланып, ауруханаға жеткізілді.