Израильдің қалашықтар салуды жалғастыруы Қауіпсіздік Кеңесінің қарарын бұзу болып табылады
Сионистік режимнің Тұрғын үй және қала құрылысы министрі Иордан өзенінің батыс жағалауында 2086 жаңа пәтер салуға келісім берді.
ИРНА-ның хабарлауынша, сионистік режимнің Тұрғын үй және қала құрылысы министрі жұма күні кешке Иордан өзенінің батыс жағалауында 2086 жаңа пәтер салуға келісім бергенін мәлімдеп: «Бұл шешім премьер-министр Беньямин Нетаньяху мен Соғыс министрі Авигдор Либерманмен келісіп қабылданды» деді.
Тель-Авив бұдан бұрын жаулап алған жерлерге алты мыңнан астам тұрғын үй салуға келісім берген болатын.
Американың жаңа үкіметі билік басына келген соң сионистік режимнің салу үшін күн тәртібіне қойып отырған тұрғын үйлерінің саны 8 мыңнан астамға жеткен.
Бұдан бұрын сионистік режимнің парламенті Кнессеттің мүшесі Мути Югио әлемдік қарсылықтарға қарамастан, Иордан өзенінің батыс жағалауы мен Палестинаның жаулап алынған өзге аймақтарында қалашық салуды жалғастыруды қуаттаған болатын.
БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесі 2016 жылы 23-ші желтоқсанда сионистік режимнің палестиналық аймақтарға қалашықтар салу әрекетін айыптаған №2334-ші қарарды 14 оң дауыспен бекітті.