Йеменнің зымырандары Сауд Арабиясының астанасының батысына жетті
https://parstoday.ir/kz/news/west_asia-i24061-Йеменнің_зымырандары_Сауд_Арабиясының_астанасының_батысына_жетті
Жексенбі күні кешке Йемен әскерінің баллистикалық зымыраны Сауд Арабиясының астанасы эр-Риядтың батысында орналасқан әл-Музахамия аймағындағы әскери базаны нысанаға алды.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Ақп 06, 2017 11:09 Asia/Almaty
  • Йеменнің зымырандары Сауд Арабиясының астанасының батысына жетті

Жексенбі күні кешке Йемен әскерінің баллистикалық зымыраны Сауд Арабиясының астанасы эр-Риядтың батысында орналасқан әл-Музахамия аймағындағы әскери базаны нысанаға алды.

Al-Alam ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Сауд Арабиясының азаматтары Твиттерде аталмыш әскери базада үлкен жарылыс болғанын хабарлаған.

Йеменнің зымырандық бөлімшесі мен халықтық комитеті Сауд режимінің Йемендегі зорлық-зомбылық пен қылмыстарының қайталануына реакция білдіріп, зымыран атқандарын мәлімдеп: «Келесі соққылар бұдан да ауыр болмақ»,- деп қуаттады.

Сонымен қатар, Йеменнің зымырандық бөлімшесі мен халықтық комитеті аталмыш мәлімдемесінде Йеменнің мазлұм халқын қорғауды осы ел әскерінің заңды құқығы деп атап: «Сауд әулеті режимінің Йемендегі қылмыстары осы режимнің батыс елдері мен араб одақтастарының қатысуымен жүзеге асырылып жатыр»,- деді.

Аlmasirah телеарнасы жексенбі күні Йемен әскери күштерінің Сауд Арабиясының оңтүстігіндегі Джезан облысында орналасқан Қейс және әл-Тәләа атты әскери базаларына жасаған шабуылдары барысында 4 саудиялық әскеридің қаза болғанын хабарлады.

Мұнымен қатар йемендік күштердің Сауд Арабиясының оңтүстігіндегі Неджран облысында орналасқан әл-Махрұқ әскери базасына жасаған шабуылынан Сауд әулеті режимінің 3 әскериі өлді.

Сондай-ақ, йемендік әскери күштердің Таиз облысындағы әл-Джәһмила және Салеһ аймақтарына жасаған шабуылдары салдарынан 3 саудиялық жалдамалы өлді.