Иран сионистік режимнің Кнессетінде қалашық салу заңының бекітілуін айыптады
https://parstoday.ir/kz/news/west_asia-i24127-Иран_сионистік_режимнің_Кнессетінде_қалашық_салу_заңының_бекітілуін_айыптады
Иран СІМ-нің ақпарат хатшысы жаулап алынған жерлерде еврейлер тұратын қалашықтар салу жөнінде сионистік режимнің парламенті Кнессетте бекітілген заңды қатаң айыптап, осы режимнің қалашықтар салу саясатын аймақты тұрақтылық және қауіпсіздікпен қамтамасыз ету жолындағы шынайы кедергі деп атады.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Ақп 07, 2017 19:20 Asia/Almaty
  • Иран сионистік режимнің Кнессетінде қалашық салу заңының бекітілуін айыптады

Иран СІМ-нің ақпарат хатшысы жаулап алынған жерлерде еврейлер тұратын қалашықтар салу жөнінде сионистік режимнің парламенті Кнессетте бекітілген заңды қатаң айыптап, осы режимнің қалашықтар салу саясатын аймақты тұрақтылық және қауіпсіздікпен қамтамасыз ету жолындағы шынайы кедергі деп атады.

Бахрам Ғасеми сионистік режимнің саясатының жалғасуын халықаралық қағидалардың бірі ретіндегі Палестина халқының өз тағдырын белгілеу құқығын бұзу деп атады. Ғасеми сионистік режимнің осындай саясаты мен шараларының аймақтағы жағдайды ушықтырып, көбірек тұрақсыздыққа себеп болатынын айтып, халықаралық ұйымдар мен көкірегі ояу адамдардан осы режимнің экспансистік шаралары мен текетірес тудыру әрекеттерінің алдында үнсіздік танытпауды сұрады.