Ливан Хезболласының бас хатшысы Сирия саяси дағдарысын шешуді қуаттады
Ливан Хезболласының бас хатшысы: «ИИР мен Хезболла Сириядағы барлық атысты тоқтату келісімі мен қантөгісті тоқтатуды және саяси дағдарысты шешуді қолдайды»,- деді.
ИРНА ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Ливанның Хезболла қозғалысының бас хатшысы Хасан Насролла жексенбі күні кешке Ливанның шығысындағы Баальбек қаласында Хезболланың Орталық кеңесінің мүшесі шейх Хосейн Абид қазасының жетісіне байланысты өткен рәсімде Сирия дағдарысының жалғасуындағы Хезболла мен Иранның рөлі туралы уәждерді теріске шығарып, кейбір араб елдері БАҚ-ның осы мәселе бойынша жалған ақпарат таратуын айыптады.
Сейіт Хасан Насролла Сирияның барлық аумақтарындағы бітімге келу мен мәселелерді шешуді қолдап: «Алепподағы шайқас Сириядағы соғыстың бағытын өзгертіп, қазіргі атысты тоқтату келісімі мен саяси келіссөздерге жол ашты»,- деп баса айтты.
Хезболланың бас хатшысы сириялық босқындардың өз аймақтары мен үйлеріне қайтуын ісіне қолдау танытып: «Ливандағы босқындар мәселесі тайпалық немесе діни сипатқа ие болмауы керек. Бұл мәселеге қатысты саяси әрекет көрсетілмеуі тиіс»,- деп мәлімдеді.