Сауд Арабиясында бір бойжеткен көлік айдағаны үшін құрықталды
Ақп 28, 2017 18:18 Asia/Almaty
Саудия полициясы Сауд Арабиясында әйелдер бостандығына қарсы қойылған шектеулер шеңберінде бір бойжеткенді көлік айдағаны үшін құрықтады.
Әлеуметтік желілерде бір бойжеткен көлік айдап жүрген бейне көрініс жарияланған соң оны Сауд Арабиясы ән-Намас облысының полициясының патрульдік бөлімшесі құрықтады. Сауд Арабиясы әйелдердің көлік айдауына жол бермейтін әлемдегі жалғыз мемлекет болып табылады. Мұндай тыйым уахаби дінбасылардың шығарған патуасынан туындап отыр.