Сионистік сот мекемесі: Еврейлер "әл- Ақса" мешітінде намаз оқи алады
Жаулап алынған Құдстағы сионистік режимнің «Бейбітшілік» атты сот мекемесі еврейлердің осы мешітте намаз оқи алатындықтарын және ешкімнің осы әрекетке кедергі бола алмайтыны туралы уәж айтты.
Палестина ақпарат тарату орталығының хабарлауынша, сионистік режимнің сот мекемесі сәрсенбі күні «"Әл-Ақса" мешіті еврейлер үшін ең киелі мекен болып табылады» деген уәж айтты.
Палестинаның Уқаф және діни істер министрі шейх Юсеф Адис сионистердің осы әрекетіне көрсеткен реакцияда "Басқыншылардың "әл- Ақса" мешітіне күнделікті шапқыншылығын заңдастыруға соқтыратын осы сот мекемесінің үкімі аймақты діни соғысқа қарай итермелейді. Сионистік режимнің Палестинаның исламдық қасиеттіліктеріне, әсіресе "әл- Ақса" мешітіне қарсы осы қауіпті шарасы режимнің бұл мешітке қарсы шапқыншылықтарын заңдастыру үшін жасап жатқан шапқыншылық саясатының бір бөлігі болып табылады. Бұл барлық халықаралық заңдар мен уағдаластықтарды өрескел бұзу дегенді білдіреді» деді.