Түркия Сыртқы істер министрі Иранның қолдау көрсеткенін ешқашан ұмытпайтынын айтты
Түркия Сыртқы істер министрі өз елі мен Иран ислам республикасының байланысын бауырластық деп байланыс деп атап: «Анкара Иранның 2016 жылғы 15- ші шілдедегі сәтсіз әскери төңкеріс кешінде Түркия үкіметі мен халқына қолдау көрсеткенін ешқашан ұмытпайды» деді.
Түркия Сыртқы істер министрі Мевлут Чавушоглу сәрсенбі күні Исламабадта Экономикалық Ынтымақтастық Ұйымының саммиті аясында ИРНА-ға берген сұхбатында: «Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф 2016 жылғы 15- ші шілдедегі сәтсіз әскери төңкеріс кешінде таңға дейін бізбен бірге ояу болды. Ол сол түні таңға дейін менімен төрт рет телефон арқылы байланыс орнатты. Түркия осындай көңіл аударудың қадірін біледі.
Иран мен Түркия аймақтық түрлі тақырыптарда түсіністік пен ортақ көзқарасқа ие. Екі ел осы байланысты күшейту үшін түсінбеушілік кеңістігі қалыптасуының алдын алу үшін көбірек сұхбаттасуларды қажет етеді деді.
Түркия Сыртқы істер министрі Сирия өзгерістері жөнінде де: «Түркия мен Иран Сирияда атысты тоқтату және Сирия дағдарысын саяси жолдармен шешу, сонымен қатар осы елдің халқына еш кемсітушіліксіз гуманитарлық көмек ұсыну жөнінде ортақ көзқарасқа ие» деді.