Саудиялықтар Иранға қарсы уәждерін қайталады
https://parstoday.ir/kz/news/west_asia-i24880-Саудиялықтар_Иранға_қарсы_уәждерін_қайталады
Сауд Арабиясы «Иран ислам республикасы аймақ елдерінің ішкі істеріне араласып отыр» деген негізсіз уәждерін тағы қайталады.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Нау 04, 2017 21:16 Asia/Almaty
  • Саудиялықтар Иранға қарсы уәждерін қайталады

Сауд Арабиясы «Иран ислам республикасы аймақ елдерінің ішкі істеріне араласып отыр» деген негізсіз уәждерін тағы қайталады.

Иран Телерадио ұйымы ақпарат агенттігінің сенбі күнгі хабарлауы бойынша, БҰҰ-дағы Сауд Арабиясының тұрақты делегациясы Йеменге шапқыншылыққа қатысты әскери мамандардың отырысында өздерінің ескі уәждерін талқылап, Иранның аймаққа, соның ішінде Йеменге араласуын доғаруды талап етті.

Иран СІМ-нің ақпарат хатшысы Бахрам Ғасеми осы айыптауларға көрсеткен реакцияда: «Шамамен екі жылдан бері Йеменнің инфрақұрылымдарын қиратып, соғыс қылмысын жасап, осы елдің халқын зұлымдықпен қоршауға алуда тікелей рөл атқарған елдің өзгелерді Йеменнің ісіне араласып отыр деп айыптауы өкінішті жайт» деді.

Сауд Арабиясы америкалық және британдық қарулармен Йеменнің қорғансыз халқын әуе шабуылдарының нысанасына алып отыр. Олардың шабуылдары адамзатқа қарсы қылмыс әрі соғыс қылмысы болып табылады.