Құдста азан шақыруға тыйым салған заңның алғашқы нұсқасы бекітілді
Палестиналықтар сионистік режимнің парламенті Кнессеттің Израиль деп аталатын 1948 жылы жаулап алынған жерлер мен Құдс мешіттерінен азан шақыруға тыйым салу заңының алғашқы нұсқасының бекітілуін ауқымды түрде айыптады.
Палестинаның Уқаф және дін істері министрі шейх Юсеф Адис: «Жаулап алынған жерлердің мешіттерінен азан шақыруға тыйым салу заңының алғашқы нұсқасының бекітілуі саяси қырынан асып, діни қырына жетіп, сионистік режимнің нәсілшілдігін көрсетеді» деді. Сионистік режимнің Парламенті сәрсенбі күні 1948 жылы жаулап алынған жерлер мен Құдс мешіттерінен таңғы азан шақыруға тыйым салу заңының алғашқы нұсқасын бекітті. Осы заң бойынша, 1948 жылы жаулап алынған жерлердегі кез-келген мешіт таңда азан шақырса, 1200 доллар айыппұл төлеуі тиіс.