Нау 10, 2016 22:19 Asia/Almaty
  • Израильдік әскерилер 200 палестиналықты шәһид еткен

Палестиналық шәһидтер отбасыларының ұлттық қоғамы бейсенбі күнгі есебінде 2015 жылдың қазан айының бас кезінде Құдс интифазасы басталғаннан осы уақытқа дейін Иордан өзені батыс жағалауының түрлі аймақтары мен Газа секторында, сондай- ақ Бейт ул-Мұқаддаста 200 палестиналықтың шәһид болғанын мәлімдеді.

Шәһид болған палестиналықтардың арасында 21 бала мен 20 әйел бар. Палестинаның түрлі аймақтары 2015 жылдың қазан айының басынан осы уақытқа дейін палестиналықтардың сионистік режимнің шапқыншылық саясаты мен Бейт ул-Мұқаддастың болмысын бұрмалаудағы астыртын әрекетіне, сонымен қатар әл- Ақса мешітін уақыт пен мекен тұрғысынан бөлу жобасына қатысты жаппай наразылықтарының куәсы болып отыр. Олардың наразылықтары Құдс интифазасы деп танымал болып отыр.

Тегтер