Аятолла Араки Халифе әулеті режиміне қарсы тұруды қуаттады
Исламдық мазхабтарды жақындастыру әлемдік ассамблеясының бас хатшысы Халифе әулеті режимінің бахрейндік танымал рухани қайраткер шейх Иса Ғасемге қарсы шараларына қатысты үнсіздік танытуын айыптады.
ИРНА-ның хабарлауынша, Исламдық мазхабтарды жақындастыру әлемдік ассамблеясының бас хатшысы аятолла Мохсен Араки сәрсенбі күнгі өз мәлімдемесінде Халифе әулеті режимінің шейх Иса Ғасемге қарсы зұлымдығын айыптап: «Халифе әулеті режимінің шараларының алдында шариғат тұрғысынан үнсіздік танытуға болмайды» деді.
Аятолла Мохсен Араки осы мәлімдемеде Бахрейн халқының Халифе әулеті режимінің шараларына қарсы тұруын қуаттап, осы режимге Бахрейн халқына қарсы басып-жаншу және өзімшілдік саясаты туралы ескерту жасады.
Ол сондай-ақ Бахрейн халқынан шейх Иса Ғасеммен бірге халықтық бейбіт қозғалысты сақтау үшін талпыныс жасауды және Халифе әулеті режимінің заңды қозғалысты басып-жаншуға ұмтылыстары алдында қарсы тұруды әрі өздерінің бірлігін сақтауды сұрады.
Наразылар саяси және әлеуметтік реформалар жүргізуді талап етіп отыр. Халифе әулеті режимі 2011 жылдан бері осы елдің ондаған азаматын түрлі айыптаулармен құрықтады. Олардың көбісі жер аударылды немесе азаматтықтан айрылды.