Сауд Арабиясы Йеменде жарықшақты бомбаларды қолданғанын мойындады
Сауд Арабиясы Қорғаныс министрінің кеңесшісі Йеменді экономикалық жағынан қоршау мен эр- Риядтың көптеген йемендік әскери емес азаматтардың өліміне соқтырған жарықшақты бомбаларды қолдануын ақтауға талпыныс жасады.
Сауд Арабиясы Қорғаныс министрінің кеңесшісі Ахмад әл-Асири "BBC" телеарнасына берген сұхбатында елінің тыйым салынған жарықшақты бомбаларды қолдануын ақтап: «Жарықшақты бомбалар химиялық қару емес. Бұл қарулар әлемдегі барлық елдердің әуе күші қолданатын әскери әлеуеттердің бір бөліміне жатады» деді.
Мұның алдында Халықаралық Кешірім Ұйымы өз мәлімдемесінде Йеменде жарылмай қалған жарықшақты бомбалардың болуы осы елдің кейбір аймақтарын "мина алаңына" айналдырғаны туралы ескерткен болатын.