Сауд Арабиясы Йеменге қарсы соғыста жарықшақты бомбаларды қолданғанын ақтауда
Сауд Арабиясының Қорғаныс министрінің кеңесшісі Йеменге қарсы экономикалық эмбарго енгізіп, әскери емес көптеген йемендіктің өліміне себеп болған Риядтың жарықшақты бомбаларды қолданғанын ақтады.
Сауд Арабиясының Қорғаныс министрінің кеңесшісі Ахмад әл-Асири ВВС телеарнасына берген сұхбатында тыйым салынған жарықшақты бомбаларды пайдалануын ақтап: «Жарықшақты бомбалар химиялық қару емес, бұл қарулар әскери мүмкіндіктің бір бөлімі»,- деді.
Сауд Арабиясы 2015 жылдың наурыз айынан бері Батыс үкіметтерінің, әсіресе АҚШ пен Ұлыбритания және аймақтың кейбір араб елдерінің қолдауымен Йеменнің отставкаға кеткен президенті Абдураба Мансур Хадиды билік басына қайтару мақсатында шабуыл жасауда. Сауд режимі бұл кезеңде сан рет Йемен халқына қарсы жарықшақты бомбалар қолданды. Сауд Арабиясының жарықшақты бомбаларды кең ауқымды түрде қолдануы Сауд режимінің Йемендегі қылмыстарын одан сайын қауіпке тіреп, елдің әртүрлі аймақтарын жарылмаған жарықшақты бомбалардың алаңына айналдырды. Сарапшылардың пікірінше, Батыс үкіметтері, әсіресе АҚШ, Ұлыбритания және Франция Сауд Арабиясының Йемендегі қылмыстарына ортақ. Бұл мемлекеттер, әсіресе Ұлыбритания соғыс жабдықтары мен жарықшақты бомбаларын Сауд Арабиясына жіберіп, Йемен халқына қарсы рақымсыз соғысты күшейтуде. Сонымен бірге, Сауд Арабиясы – аймақта Ұлыбританияның саясаттарын іске асырушы. Қару-жарақ экспортынан тапқан табыс Батыс үкіметтерінің ең маңызды кірісі саналады. Ұлыбритания өзі шығаратын жарықшақты бомбаларын Сауд Арабиясына сатуды жалғастырып, оларды қарапайым йемендіктерге қарсы пайдалануда. Негізінде, 2008 жылы бекітілген Конвенция бойынша жарықшақты бомбаларға тыйым салынған. Әлемнің 108 мемлекеті аталмыш конвенцияға қол қойып, шамамен 100 ел оны ратификациялады. Осы халықаралық құжат бойынша, Сауд Арабиясы пайдаланушы, ал Ұлыбританияны сатушы мемлекет ретінде соғыс қылмыстарын жасап, Йемендегі бейбітшілікке қарсы соғысты жалғастыруда. Бұл қылмыстар БҰҰ-ның Адам құқығы кеңесі сан рет Йеменде соғыс заңдарының бұзылуы туралы тікелей зерттеулер жасауға талпыныс жасағанымен, бұл талпыныстар АҚШ пен Британия сынды мемлекеттердің қастықтары салдарынан нәтижеге жетпеді. Сарапшылардың пікірінше, АҚШ, Ұлыбритания және олардың сионистік режим сынды қолдаушылары осы соғыстан пайда көріп отырған жағдайда Йеменнің мазлұм халқы Сауд Арабиясы мен оның қолдаушыларының құрбаны болады.