Йемендік мергендер Саудияның 119 жалдамалы күшінің көзін жойды
Йемен армиясы мен халықтық комитеттерінің мергендер бөлімшесі сәрсенбі күні осы уақытқа дейін Сауд Арабиясының оңтүстігінде Джизан, Наджран және Асир шептерінде осы елдің 119 әскериін нысанаға алғандарын мәлімдеді.
Йеменнің «almasirah» телеарнасының хабарлауы бойынша, мергендердің амалдары қаңтар, ақпан және наурыз айларында Джизан, Наджран және Асирдің 39 аймағында орындалды.
Джизан майданы мергендердің іс- қимылдарының көшбасында. Йемен армиясы мен халықтық комитеттерінің мергендер бөлімшесі осы аймақта 74 арабстандық әскериді нысанаға алған.
Йемен армиясы мен халықтық комитеттерінің мергендер бөлімшесі, сондай-ақ Наджранның 9 аймағында 35 арабстандық әскериге, Асирдің 8 аймағында 10 арабстандық әскериге шабуыл жасаған.
Йемен армиясының мергендер бөлімшесінің жетістіктері дұшпанның ақпарат құралдарын үмітсіздікке душар етіп отыр. Олар қаза болған әскерилердің саны мен өлімінің себебін жариялаудан сескеніп, өз әскерилерінің көліктерінің техникалық ақауы салдарынан немесе ыстық аптаптан және тағы да басқа себептермен қазаға ұшырағаны жөнінде уәж айтады.