Сионистер әл-Ақса мешіті мен хазірет Ыбырайымның кесенесіне шапқыншылық жасады
Сионистер қоныстанған қалашықтардың тұрғындары сионистік режим полициясы күштерінің қолдауымен әл-Ақса мешіті мен хазірет Ыбырайымның кесенесіне шапқыншылық жасады.
Бүгін, бейсенбі күні сионистер қоныстанған қалашықтардың жүзден астам тұрғыны сионистік режимнің полиция күштерінің қолдауымен басып алынған Құдстағы әл-Ақса мешіті мен Иордан өзенінің батыс жағалауындағы әл-Халил қаласындағы хазірет Ыбырайымның кесенесіне басқыншылық әрекет жасады. Кеше, сәрсенбі күні де сионистер қоныстанған қалашықтардың үш жүзден астам тұрғыны екі экстремист еврей – Моше Фиглин мен Яһуда Асиванидің жетекшілігімен әл-Ақса мешітіне басқыншылық жасаған болатын.
Бұл қасиетті мекен қалашықтарда қоныстанған сионист әскерилер мен тұрғындардың Бейт әл-Моқаддастағы исламдық және христиандық белгілерді жойып, оларды сионистік белгілермен алмастыру мақсатындағы атыс-шабыс алаңына айналды.
Халық, әсіресе Палестина жастары сионистердің әскерилері мен қалашық тұрғындарының әл-Ақса мешітіне үсті-үстіне жасап жатқан шабуылдарына наразылық білдіріп, 2015 жылдың қазан айынан бері Құдс интифазасын бастап, сионистердің әрекеттерімен қарсыласуда.