Қазақ тілінің әліпбиін өзгертуге қатысты ұтылыстар мен ұтыстар
Қазақстанның Стратегиялық зерттеулер орталығының директоры Ерлан Карин: «Қазақ тілін кирилл әріптерінен латын әліпбиіне өзгерту саяси әрекет емес, ондағы мақсат – елдің әлемдік қоғамдағы дамуына көмектесу»,- деді.
Қазақстанның Стратегиялық зерттеулер орталығы директорының сөздері қазақ әліпбиін латын әліпбиіне көшіру туралы мәселе бұл ел қоғамында әртүрлі ағарту, саяси және мәдени деңгейден бастап, көше-базарларға дейін жетіп, қызу пікірталас жүргізіліп жатқан жағдайда айтылды. Әліпбидің графикасын өзгертуге қатысты Қазақстанның қоғамында қолдайтындар мен қарсыластар бар. Олар бұл мәдени өзгерістің кемшіліктері мен артықшылықтарын айтуда.
Негізінде 1990 жылдары бұрынғы Кеңес Одағының республикалары тәуелсіздік алған соң әліпбиді өзгерту толқыны Түркіменстаннан басталып, 1993 және 1995 жылдар аралығында Өзбекстан мен Әзірбайжанға жетті. Бүгін енді Қазақстан қоғамында шынайы түрде талқылануда. Тәуелсіздік алған бастапқы кезеңде Қазақстанда әліпбиді өзгерту мәдени саладағы маңызды проблема болды. Бірақ 2006 жылы Қазақстан Президенті тарапынан да жарияланғанымен, тез арада күн тәртібінен түсіп қалды. Назарбаев 2012 жылы сөйлеген сөзінде 2025 жылға дейін қоғамды кирилл әрпінен латын әрпіне толық өзгерту қажеттігін қуаттады.
Қазақстанның Стратегиялық зерттеулер орталығының директоры Ерлан Карин бұл өзгерісті қолдаушылардың бірі ретінде Назарбаевтың елдің перпективаларын ұлттық сана-сезім мен заманауи негіздер бойынша белгілегенін, сондықтан заманауи бағдарды таңдап, салт-дәстүрлерден алыстаймыз деп алаңдамай, кирилл әріптерін латынға көшіруге болады деп санайды. Ол сонымен бірге Қазақстан халқының 20 ғасырдың алғашқы онжылдықтарында латын әрпін пайдаланғанына тоқталды.
Әліпбиді өзгертудің қолдаушылары кирилл графикасымен салыстырғанда латын графикасын түркітілдес елдерге ұқсас деп санайды. Қарсыластар латын әліпбиінің әріптері мен дыбыстарының бір-біріне сәйкес келмейтіндігіне сілтеме жасайды. Жобаға қарсылар латын әліпбиінің еш артықшылығы жоқ деп санайды. Қарсыластар орыс тілін әлемнің алты маңызды тілдерінің бірі деп атап, одан оңай айырылуға болмайды деп баса айтуда.
Керісінше, кирилл әліпбиін латынға көшіруді жақтайтындар бұл істі Қазақстанның әлемдік қоғам мен әлемдік мәдениетке кіруі үшін қажет санайды. Сонымен бірге қазақтың кирилл графикасының латынға өзгертілуі Қазақстандағы өнер, мәдениет және білім мен ғылым мұраларын тіркеуге жол ашады.