Сирия Израильдің Дамаск әуежайы маңына жасаған зымырандық шабуылына реакция білдірді
https://parstoday.ir/kz/news/west_asia-i26538-Сирия_Израильдің_Дамаск_әуежайы_маңына_жасаған_зымырандық_шабуылына_реакция_білдірді
Сирияның бір әскери дереккөзі: «Сирияның астанасы Дамаск әуежайы маңына шабуыл қырғи ұшақпен жасалған жоқ, бұл зымырандық шабуыл болды»,-деп хабарлады.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Сәу 28, 2017 13:27 Asia/Almaty
  • Сирия Израильдің Дамаск әуежайы маңына жасаған зымырандық шабуылына реакция білдірді

Сирияның бір әскери дереккөзі: «Сирияның астанасы Дамаск әуежайы маңына шабуыл қырғи ұшақпен жасалған жоқ, бұл зымырандық шабуыл болды»,-деп хабарлады.

Сириялық әскери дереккөзі сионистік режимнің Сирияға басқыншылығын лаңкестік топтардың рухын көтеруге талпыныс аясында жасалды деп атап: «Мұндай әрекеттер сириялық күштердің лаңкестікпен күрес және оны жою жолындағы ерік-жігеріне ықпал ете алмайды»,-деп қуаттады.

Бұдан бұрын да израильдік қырғи ұшақтар Сириядағы лаңкестерді қолдау аясында осы елдің әртүрлі аймақтарын бірнеше рет нысанаға алған болатын. Сирия сионистік режимнің өз жеріне үсті-үстіне шабуылдарының мақсатын осы режим мен АҚШ-тың қарулы және лаңкестік топтарға тікелей қолдау көрсетуі деп атады.