Сауд Арабиясында халықтық наразылықтар күшеюде
Сейіт Реза Эмади он күннен аз уақыт аралығында әлеуметтік желілер арқылы екінші рет Сауд Арабиясы жастарын осы елде демонстрация ұйымдастыруға шақырды.
2017 жылдың сәуір айының жиырма жетісі, бейсенбі күні Сауд Арабиясының жастары әлеуметтік желілерде осы елдің халқын алдымыздағы жексенбі күні "30-шы сәуір жұмыссыздар жиыны" атты наразылық шеруіне қатысуға шақырған болатын.
Сауд Арабиясындағы наразылық шерулер осы соңғы күндерге ғана байланысты емес. Бұл наразылықтар кем дегенде алты жылдан бұрын басталған. Сауд Арабиясындағы наразылық шерулердің тұрақты болмауының себебі халықтың жағдайының өзгеруінен бұрын, Сауд үкіметінің қауіпсіздік саясаттарын қатаң бақылауына байланысты. Осы тұрғыдан Сауд Арабиясының халқы бір апта бұрын елдегі экономикалық жағдайға, әсіресе жұмыссыздыққа байланысты наразылық шеру ұйымдастыруды талап етті. Алайда, елдің астанасы, эр-Риядта көптеген қауіпсіздік күштерінің орналасуы мен қауіпсіздік жағдайының қатты болуына байланысты наразылық акциялары ұйымдастырылған жоқ.
Тіпті, сәуірдің отызы күні де наразылық шерулері Сауд әулеті режимінің қатты қауіпсіздік реакциясына байланысты ұйымдастырылмағанымен, бұл саудиялық үкімет үшін қауіп саналады. Бұл қауіптің екі аспекті бар:
Бірінші аспектке сәйкес, Сауд Арабиясының халқы елдегі нашар экономикалық жағдайға, әсіресе жұмыссыздықтың жоғары деңгейі мен жұмысшылардың экономикалық жәрдемақысының азаюына наразы болып отыр. Өткен аптада мұнай бағасының төмендеуі мен 2016 жылы қыркүйекте Йеменде әскери әрекеттердің шығындарының артуына байланысты елдегі қарапайым және әскери қызметкерлерге барлық көмекқаржы, жәрдемақы мен сыйақы төлеуді тоқтату туралы корольдік жарлық жойылды. Бұл жарлық елдегі қарапайым және әскери қызметкерлердің салыстырмалы түрдегі ризашылығына соқтыруы мүмкін. Алайда, арабстандық жұмыссыздардың үлкен тобына әсер етпегенімен, жұмыссыз жастардың наразылығы саудиялық үкімет үшін айтарлықтай қауіп төндіреді.
Екінші аспект бойынша, Сауд Арабиясы халқы Сауд әулеті режимінің шетелдік араласушылық саясаттарына наразы әрі оны елдегі экономикалық проблемалардың артуының маңызды факторы санайды. Сауд Арабиясы екі жылдан астам уақыт бұрын Йеменге қарсы соғыс бастаған. Сол соғыс Сауд Арабиясы үшін миллиардтаған доллар шығын келтірді.
Сауд Арабиясы үкіметі шетелдік жұмысшы күштерін елден шығару секілді жұмыссыздық деңгейін төмендетуге бағытталған жобаларды жүзеге асырып жатқанымен, Сауд әулеті режимін халықтың экономикалық жағдайға байланысты наразылықтарының кең етек жаюы қаупінен айтарлықтай дәрежеде құтқаратын маңызды стратегия сыртқы басқыншылық және соғысқұмарлық саясаттарын өзгерту, сондай-ақ Таяу Шығыс аймағында тұрақтылық орнатуға талпысын жасау екені шәксіз.