Сионистік режим аштық жариялаған тұтқындардың талаптарын қабылдады
Сионистік режим аштық жариялаған палестиналық тұтқындардың адвокаттарымен кездесу туралы талаптарын қабылдады.
Құдсты жаулап алған режим палестиналық тұтқындардың талаптарының бірін қабылдап, адвокаттарға тұтқындармен кездесуге рұқсат берген жағдайда "Ұлылық үшін аштық жариялау" деп аталған палестиналық тұтқындардың аштық жариялау әрекетіне 18 күн болды.
Палестиналық тұтқындардың сионистік режимнің түрмелеріндегі адамгершілікке жатпайтын жағдайға наразылық білдіріп, аштық жариялауы 17 сәуірде басталды. Халық жаппай шеруге шығып, оларға қолдау көрсетіп отыр.
Палестина Исламдық Қарсыласу Қозғалысының (ХАМАС) әскери бұтағы Изз ад-Дин ал-Кассам батальондары Израильдің басқыншы режиміне палестиналық тұтқындардың талаптарын жүзеге асыру үшін бір тәулік мұрсат берген соң, Израиль палестиналық тұтқындардың адвокаттарына тұтқындармен кездесуге рұқсат беретін болды.