Сауд Арабиясының тақ мұрагері Иранға қоқан-лоққы жасады
БҰҰ-дағы ИИР-ның тұрақты өкілі Сауд Арабиясы Қорғаныс министрі әрі тақ мұрагерінің жуырдағы сөздерін Иранға қарсы әшкере қоқан-лоққы әрі Сауд режимінің Иранның ішінде орын алған лаңкестік әрекеттерге қатысты болуын мойындау деп атады.
ИРНА-ның мәліметі бойынша, Ғұламәли Хошру бейсенбі күні БҰҰ Бас хатшысы мен Қауіпсіздік кеңесінің төрағасына жолдаған нотасында Мұхаммад бен Салманның сейсенбі күнгі ИИР-на қарсы «Сауд Арабиясының мақсаты – соғысты Иранның ішіне жеткізу» деген сөздерін Иранға қарсы әшкере қоқан-лоққы әрі БҰҰ Жарғысының 2-ші бабының 4-ші тармағын бұзу деп атап: «Аймақ пен әлем өткен 40 жылда саудиялықтардың Иранға қатысты орынсыз күдіктерінен көптеген зиян шекті. Жауапсыздық пен арандатушылық саясаттары, әлемдегі экстремизмді қаржылай қолдауы мен түрткілеуі және саудиялықтардың аймақтағы сәтсіздіктері осы көзқарастан бастау алады. Өткен ғасырдың 90-шы жылдары әл-Қаида мен Талибан топтарын құру, 2003-ші жылдан бері Ирактағы лаңкестік пен тұрақсыздықты қолдау, өткен бірнеше жылда Ирак пен Сирияда ДАИШ, Джебхат ан-Носрат және басқа лаңкестік топтарды құру әрі оларға қаржылай және қару-жарақпен қолдау көрсету саудиялықтардың қате күдік-күмәндарының нәтижесі. Мұның барлығы әлемдегі көптеген қиындықтар мен тынышсыздықтарға себеп болып отыр»,- деді.