Сионистердің палестиналық тұтқындардың аштық акциясын бұзуы туралы уәжі теріске шығарылды
Палестинаның ұлттық комитеті сионистік режимнің ақпарат құралдарының палестиналық тұтқындардың аштық акциясының бұзылуы туралы уәжін теріске шығарды.
Сионистік режимнің ақпарат құралдары насихаттық шарада "Фатх" қозғалысы басшыларының бірі Марван әл- Барғуси аштық жариялауды тоқтатты деген уәж айтты.
ИРНА-ның дүйсенбі күні араб дереккөздеріне сілтеме жасап хабарлауынша, Палестинаның ұлттық комитеті, соның ішінде Палестинаны азат ету ұйымына қарасты палестиналық тұтқындар мен азат етілгендер ісі комитеті мен палестиналық тұтқындар клубы өз мәлімдемесінде сионистік режимнің түрмелер ісі басқармасының Барғусидің аштық жариялауды бұзуы туралы уәждерін жоққа шығарып, оны аштық жариялаушы тұтқындардың талап- жігерін бұзу үшін жасалған талпыныс деп атады.
Палестинаның ұлттық комитеті сионистік режимнің ақпарат құралдарының жалған хабар таратудағы мақсатын палестиналықтар мен аштық жариялаушы тұтқындар арасына жік салу деп, палестиналық ақпарат құралдарынан қырағылық және ұлттық сеніммен сионистер тарапынан кез- келген жалған ақпаратқа тосқауыл қоюды талап етті.
Сионистік режимнің түрмелер ісі бойынша басқармасы өткен күні тамақ ішіп отырған кісінің бейнетаспасын таратып, оны Марван әл- Барғуси деген уәж айтты.
Шамамен 1700 палестиналық тұтқын осыдан 22 күн бұрын сионистік режимнің шаралары мен қылмыстарына наразылық білдіріп, аштық жариялады.