Түркия парламентінің депутаты: Ердоған – Американың құралы
Maм 09, 2017 15:37 Asia/Almaty
Түркияның Халық республикасы партиясының өкілі Мұстафа Балбай президент Режеп Тайып Ердоғанды үлкен «Таяу Шығыс» деп аталатын жобаны іске асырып, Сирия мен Иракты нысанаға алып, араб елдерін бөлудегі Американың қолындағы құралы деп атап:
"Ердоған мен «Әділет және даму» партиясының Сирия дағдарысының басынан бергі барлық шаралары АҚШ пен Израильдің «араб көктемі» деп аталатын жобалары бағытында іске асырылуда. Оның саясаты османдық билікті жандандыруды көздейді» деді.