Риядта араб-америкалық отырыс өткізудің мақсаты – ДАИШ-ты жандандыру
https://parstoday.ir/kz/news/west_asia-i26976-Риядта_араб_америкалық_отырыс_өткізудің_мақсаты_ДАИШ_ты_жандандыру
Сауд Арабиясының патшасы эр-Риядта АҚШ президенті Дональд Трампен кездесу үшін 17 араб елінің басшысын шақырғаннан кейін Ирак мәжілісінің депутаты араб-америкалық отырысты өткізудің мақсатын ДАИШ лаңкестік тобын қайтадан жандандыру деп атады.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Maм 12, 2017 03:39 Asia/Almaty
  • Риядта араб-америкалық отырыс өткізудің мақсаты – ДАИШ-ты жандандыру

Сауд Арабиясының патшасы эр-Риядта АҚШ президенті Дональд Трампен кездесу үшін 17 араб елінің басшысын шақырғаннан кейін Ирак мәжілісінің депутаты араб-америкалық отырысты өткізудің мақсатын ДАИШ лаңкестік тобын қайтадан жандандыру деп атады.

Ирак мәжілісіндегі "әл-Ахрар" фракциясының өкілі Зейнаб әл-Саһлани араб-америкалық отырысты астыртын әрекет деп сипаттап: «Отырысты өткізудің мақсаты – Ирак пен Сириядағы масқара жеңілістен кейін ДАИШ пен өзге лаңкестік топтардың құрылымын қайтадан қалпына келтіру болып табылады» деді.

Ирактық депутат бейкүнәлардың өлімі мен миллиондаған адамның босқындап кетуіне, ойрандық пен экономиканың құруына себеп болған ДАИШ тобын қаржылай, қару- жарақ, саяси және логистикалық тұрғылардан демеушілердің әрекеттеріне өкініш білдіріп: «Осы тараптар ДАИШ-ты құру арқылы аймақ елдерінің ойрандалуы бағытында әрекет жасады» деді.

Сауд Арабиясының патшасы Салман Бин Абдолазиз 17 араб елінің, соның ішінде Бахрейн, БАӘ және Катар басшыларына хат жіберіп, оларды мамыр айында Сауд Арабиясына сапар шеккелі отырған АҚШ президентімен кездесуге шақырды.