Израиль айналасына дуал тұрғызу арқылы «Үлкен Израиль» жобасының жеңіліс тапқанын мойындады
https://parstoday.ir/kz/news/west_asia-i26982-Израиль_айналасына_дуал_тұрғызу_арқылы_Үлкен_Израиль_жобасының_жеңіліс_тапқанын_мойындады
Ливан Хезболласының бас хатшысы Насролла сионистік режимнің Ливанмен арадағы шекаралық аудандарда жуырда жүргізген құрылыс жұмыстарына тоқталып, оны бұл режимнің «Үлкен Израиль» деп аталатын жобаны орындауда сәтсіздікке ұшырағанын көрсетеді деді.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Maм 12, 2017 10:44 Asia/Almaty
  • Израиль айналасына дуал тұрғызу арқылы «Үлкен Израиль» жобасының жеңіліс тапқанын мойындады

Ливан Хезболласының бас хатшысы Насролла сионистік режимнің Ливанмен арадағы шекаралық аудандарда жуырда жүргізген құрылыс жұмыстарына тоқталып, оны бұл режимнің «Үлкен Израиль» деп аталатын жобаны орындауда сәтсіздікке ұшырағанын көрсетеді деді.

Сейіт Хасан Насролла АҚШ Президенті Дональд Трамптың жақын арада Сауд Арабиясына сапармен келетіндігіне тоқталып: «Жақын күндері Сауд Арабиясында америкалық-исламдық отырыс өткізіледі. Бірнеше күн өткен соң аштық жариялаған палестиналық тұтқындардың талап-тілектері осы отырыста қарастырыла ма, жоқ па көреміз. Әрине, біз бұл отырыстың нәтижесінің қандай болатынын білеміз. Алайда бұл жолы соның бәрін өз көзімізбен көреміз»,-деді.