Саудиялық әскерилер әл-Авамия аймағындағы бір мешітті қиратты
https://parstoday.ir/kz/news/west_asia-i26990-Саудиялық_әскерилер_әл_Авамия_аймағындағы_бір_мешітті_қиратты
Саудиялық қауіпсіздік күштері Сауд Арабиясының шығысындағы әл-Авамия аймағындағы шабуылдарының жалғасында бір мешітті мина атқышпен нысанаға алып, толығымен қиратты.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Maм 13, 2017 11:35 Asia/Almaty
  • Саудиялық әскерилер әл-Авамия аймағындағы бір мешітті қиратты

Саудиялық қауіпсіздік күштері Сауд Арабиясының шығысындағы әл-Авамия аймағындағы шабуылдарының жалғасында бір мешітті мина атқышпен нысанаға алып, толығымен қиратты.

Al Alam арнасының хабарлауы бойынша, жұма күні саудиялық қауіпсіздік күштері әл-Авамия аймағында орналасқан әл-Масура ауданына тағы жасаған шабуылы кезінде "Сейіт Мұхаммад" мешітін қиратып, түскі намаздың азаны кезінде әд-Дайра ауданындағы "әл-Фатих" мешітіне қарай оқ жаудырған.

Саудиялық күштер шабуыл кезінде тікұшақтар мен ауыр әскери техникаларды пайдаланып, жергілікті тұрғындардың үйлеріне мина атқышпен оқ жаудырумен қоса, әл-Авамия аймағы тұрғындарының көліктерін өртеп жіберген.

Өткен сәрсенбі күні Сауд әулеті режимі қауіпсіздік күштерінің әл-Авамия аймағына жасаған шабуылы салдарынан 3 адам қаза тауып, 16 адам жарақат алған. Шабуылдар әлі жалғасуда.