Саудиялық әскерилер әл-Авамия аймағындағы бір мешітті қиратты
Саудиялық қауіпсіздік күштері Сауд Арабиясының шығысындағы әл-Авамия аймағындағы шабуылдарының жалғасында бір мешітті мина атқышпен нысанаға алып, толығымен қиратты.
Al Alam арнасының хабарлауы бойынша, жұма күні саудиялық қауіпсіздік күштері әл-Авамия аймағында орналасқан әл-Масура ауданына тағы жасаған шабуылы кезінде "Сейіт Мұхаммад" мешітін қиратып, түскі намаздың азаны кезінде әд-Дайра ауданындағы "әл-Фатих" мешітіне қарай оқ жаудырған.
Саудиялық күштер шабуыл кезінде тікұшақтар мен ауыр әскери техникаларды пайдаланып, жергілікті тұрғындардың үйлеріне мина атқышпен оқ жаудырумен қоса, әл-Авамия аймағы тұрғындарының көліктерін өртеп жіберген.
Өткен сәрсенбі күні Сауд әулеті режимі қауіпсіздік күштерінің әл-Авамия аймағына жасаған шабуылы салдарынан 3 адам қаза тауып, 16 адам жарақат алған. Шабуылдар әлі жалғасуда.