Сауд Арабиясы Йеменге шабуыл жасап, үлкен қылмыс жасады
https://parstoday.ir/kz/news/west_asia-i27072-Сауд_Арабиясы_Йеменге_шабуыл_жасап_үлкен_қылмыс_жасады
ИИР СІМ ақпарат хатшысы Ғасеми: "Сауд Арабиясы Йеменге шабуыл жасап, үлкен қылмыс жасады",- деп мәлімдеді.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Maм 15, 2017 10:08 Asia/Almaty
  • Сауд Арабиясы Йеменге шабуыл жасап, үлкен қылмыс жасады

ИИР СІМ ақпарат хатшысы Ғасеми: "Сауд Арабиясы Йеменге шабуыл жасап, үлкен қылмыс жасады",- деп мәлімдеді.

Al-Alam телеарнасының хабарлауы бойынша, Иран СІМ-нің ақпарат хатшысы Бахрам Ғасеми Лондонда шығатын Al Arabia Al Jadidah басылымына берген сұхбатында Сауд Арабиясының 2015 жылы Йеменге жасаған шабуылдарының қазіргі кезге дейін жалғасып келе жатқандығына сілтеме жасап: "Йемендіктердің қолында көптеген қару-жарақ. Сауд Арабиясы бұл мәселені ескермей, қысқа уақыт ішінде барлығын өз пайдасына шешеміз деп ойлады",- деді.

Ғасеми «Иран Йеменге қару-жарақ тұрғысынан көмек көрсетті» деген қауесеттерді теріске шығарып: "Кейбір мемлекеттер Иранды Йеменге заңсыз қару-жарақ тасымалдайды деп айыптайды. Шын мәнінде, Иранның Йемендегі соғысқа әскери және қаржы тұрғыларынан қатысы жоқ. Басқа жағынан, йемендіктер Иранның қару-жарағын мүлдем керек етпейді",- деді.

Иран СІМ ақпарат хатшысы ҚР елордасында Астана-4 отырысының өткізілуі мен "шиеленіс азайған" аймақтар құру туралы келісімге де сілтеме жасап: "Бұл келісім Сирияны бөлшектеу деген сөз емес. Иран Сирия жерін бөлшектеуге қарсы және мұндай істің жүзеге асуына жол бермейді",- деп баса айтты.