Сауд Арабиясының королі өз елінің кінәсын Иранға артты
https://parstoday.ir/kz/news/west_asia-i27276-Сауд_Арабиясының_королі_өз_елінің_кінәсын_Иранға_артты
Сауд Арабиясының королі өзінің бос әрі негізсіз уәждерін тағы қайталап, Иранды халықаралық заңдарды, әсіресе бейбіт көршілестік туралы заңды бұзды деп айыптады.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Maм 22, 2017 09:43 Asia/Almaty
  • Сауд Арабиясының королі өз елінің кінәсын  Иранға артты

Сауд Арабиясының королі өзінің бос әрі негізсіз уәждерін тағы қайталап, Иранды халықаралық заңдарды, әсіресе бейбіт көршілестік туралы заңды бұзды деп айыптады.

Иран Телерадио бірлестігінің хабарлауы бойынша, Сауд Арабиясының королі Салман бин Абдул Азиз әл Сауд жексенбі күні кешке АҚШ президенті Дональд Трамптың қатысуымен кейбір араб және мұсылман елдері басшыларының Риядта өткен бірлескен отырыста: "Иран аймақта тайпалық бөлінушілік пен бейберекеттікті көздеп отыр",-деген уәж айтты.

Малик Салман лаңкестерді тәрбиелеу мен әлемнің түрлі аймақтарында оларға басшылық жасаудағы өз елінің рөліне көңіл аудармай: "Иран – әлемдік лаңкестік найзасының ұшы",- деді.

Сауд Арабиясының королі сондай-ақ АҚШ-тың өзі, Сауд арабиясы мен сионистік режимнің аймақта құрған "Лаңкестікпен күрес" атты жобасына қатысатындығына сілтеме жасап: "АҚШ президентінің Риядтағы отырысқа қатысуы Вашингтонның аймақұа қатты көңіл бөліп, үлкен маңыз беретіндігін көрсетеді",- деп мәлімдеді.

Сауд Арабиясының Иранға қарсы айтылған бос әрі негізсіз уәждері АҚШ, Сауд Арабиясы мен сионистік режимнің саясаттары аймақтағы қауіпсіздікті бұзып, аймақтағы лаңкестік, халыққа зорлық-зомбылық көрсету мен оларды өлтірудің кең етек жаюына соқтырған жағдайда айтылып отыр.